^Негізгі бетке көшу

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5

Рисунок1

«Есіңізде болсын! Баланың тағдыры Сіздің қолыңызда. Негізгісі- баланы бақытты ету!» 

Біздің сайтта:

Біздің мекен-жайымыз: Хромтау қаласы Әуезов көшесі, 12А

Телефон: 8 (71336) 21-1-53, 59-3-22

МДҰ ашылған жылы: 01.11.2012

Жұмыс тәртібі:7.30-18.00

Жалпы топ саны:12

Жоба қуаты: 280

Білім беру тілі: қазақ тілі

Заңды тұлғаны тіркеу куәлігі: 239-1904-16-МКҚК

Балабақша меңгерушісі: Алдрапекова Мадина Темешовна

Білімі: жоғары

Педагогикалық еңбек өтілі: 23 жыл.

Балабақшаның материалдық базасы:

Дене шынықтыру залы, хауыз, ән-күй залы, бейнелеу және орыс тілі дәрісханалары,  әдіскер кабинеті,  психолог кабинеті, медициналық кабинет, кір жуатын орын, асхана, есепші  кабинеті. 

Балабақшада 24 тәрбиеші, 3 ән-күй жетекшісі, хореограф, бейнелеу, орыс тілі және ағылшын тілі педагогтары, психолог және дене шынықтыру нұсқаушысы қызмет атқарады.

           Балабақшаның негізгі ғимараты 1998 жылы салынған. 2000 жылы Дөн кен байыту комбинатына «Электроцех» ретінде беріліп, 2012 жылы жергілікті әкімшілікке балабақша ретінде қайтарылды. Қабаты-2, іші жарық, орталық жылу жүйесі, су, канализация, сантехникасы қанағаттанарлық күйде. Топтық және жатын бөлмелері 12 топқа арналған. 1- қабатта 6 топ, 2- қабатта 6 топ симметриялы орналасқан. Мекемеде 1 дене шынықтыру залы, 1 музыка залы, әдістемелік және психолог кабинеттері, ағылшын тілі мен бейнелеу өнері дәрісханалары бар.

            Асхана 1- қабатта орналасқан. Өзіне қажетті асты даярлау және пісіру бөлмелері бар. 3 тоңазатқыш, 2 аяздау камерасы, 2 электроплита, 1 электр еттартқышы, электроқайнатқыш, электроқазаны-1, электротаба-1 бар. Сонымен қатар көкөніс, жемістер қоймасы және құрғақ тағамдарды сақтау бөлмесі бар.

            Кір жуу бөлмелерінде (1- қабатта) 2 кір жуу автомат машиналары, 1 кептергіш автомат машинасы бар. 2 үтік, кір үтіктеу үстелі бар.

            Медбикенің (1-қабатта) алдын алу екпесі және алдын алу сақтандыру бөлмелері бар. Толық жабдықталған. 

            Дене шынықтыру залы 1-қабатта орналасқан. Ол гимнастикаға арналған құралдармен жабдықталған.

            Музыка залы 2- қабатта. Онда фортепьяно мен музыкалық орталық бар.

Балабақша территориясы 3633,8 шаршы метрге созылған. Онда әрбір топқа арналған учаскілері бар. Әрбір учаскіге арналған ойын құрылыстары орналасқан. Сонымен қатар 1 спорт алаңы бар.  

  • Балабақшаның жоспарымен, өтіп жатқан ертеңгіліктермен, соңғы жаңалықтармен таныса аласыз;
  • Оқыту және тәрбиелеу процесі туралы, балабақша мамандарының кеңестері, балабақшаға қабылдау ережесі туралы және т.б. анықтама ақпараттарды ала аласыз;
  • Фотогалереяны қарай аласыз;
  • Сізді тәрбие мен оқу туралы мәселелер бойынша сұрақтар қойып, жауап ала аласыз.
  • Біз әрбір баланың жүрегіне жол тауып, оған қуаныш, махаббат, мейірімділік сыйлаймыз.
  • Егер де балаңыз өзін еркін сезінсін, өзінің жасына қарай мүмкіндіктері мен қабілеттерін дамытса десеңіз- Біздің балабақшаға келіңіз! 

Балабақшамызға қош келдіңіздер!

Балабақша гимні 

Балабақша сәніміз

Жарасады әніміз

Отан-ана панамыз
Біз бақытты баламыз

Қайырмасы:

Тәрбиеші-анамыз
Еркелеткен баламыз
Ақылынан жан-жақты
Үлгі-өнеге аламыз.

Біз еркетай-еркетай
Бақшамыздың әсемі-ай!
Ұмтыламыз биікке
Қанатымыз бір талмай.
Алға достар, бастаңдар!
Ақ көңілдер аспандар
Бас иеді біздерге
Асау-асау асқарлар!
Еркетай- ]2 рет 

Қайырмасы:

Қолды созып күнге біз
Шынығамыз күнде біз
Сабақта да, өнерде
Әрқашанда біргеміз.